Францияда төтенше жағдай нормаларын заңға айналдырады
2015 жылы Париждегі терактіден соң Франция төтенше жағдай режимін бекітті
Франция парламентінің төменгі палатасы – Ұлттық ассамблея – терроризммен күрес бойынша заңнаманы бірінші оқылуында қабылдады. Заң жобасын 415 депутат қолдап, 127-сі қарсы шықса, 19 жауап бермеді.
Енді бұл құжатты Сенат – француз парламентінің Жоғарғы палатасы қолдауы керек, деп хабарлайды DW.
Заң жобасы құқыққорғаушылардың әлеуетін біршама кеңейтіп, төтенше жағдайдың белгіленген нормаларына кез-келген уақытта жүгінгуге мұрсат береді.
Франциядағы төтенше жағдай режимі алты рет жалғасын тапты. Ағымдағы төтенше жағдай 1 қараша күні аяқталады.
Заң жобасы бойынша ішкі істер министрі мен департамент басшылары сот шешімінсіз күдіктілердің бостандығына шектеу қойып, вокзалдар мен әуежайларды жаппай полиция бақылауына алады.
Сонымен қатар, құқыққорғаушылар мешіттерді, шіркеулерді және өзге де қоғамдық орындарды алты айға жабуға құқылы болады.
Дәл сол сияқты қоғамдық іс-шараларға, коцерттерге шектеу қоя алады.
Следующая →