Алматы облысында аю атқан браконьерлер ұсталды
Алматы облысының полицейлері 18 қыркүйек күні түнде Алакөл ауданындағы тау етегінен күдікті УАЗ автокөлігін ұстаған. Ішінде екі тұрғын болған.
Көліктің ішінен винтовка мен жаңа сойылған аюдың терісі, қақпан табылған. Мамандардың айтуынша, браконьерлер Тянь-Шань тауында ғана кездесетін қоңыр аюды атқан көрінеді.
- Күдіктілер аюды заңсыз атқан. Ал қолдарындағы 5,6 калибрлі винтовка тіркелмеген қару болып шықты. Аң аулаға берілетін рұқсат қағаздары да болмай шықты, - дейді Алматы облысы ІІД өкілі Көбейхан Нұрахмет.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалуда.
Тақырыптар:
Работа правоохранительных органов в Казахстане ДВД Алматинской области Браконьерство в Казахстане