Қазақстанда 15 қазанға қарай жылыту маусымына дайындық аяқталмақ
2015 жылдан 2016 жылға дейінгі кезеңде осы МЭТ субъектілері энергияны үнемдеуге 178 млрд теңгеден астам инвестиция салды
«Қазақстан-2050» мемлекеттік бағдарламасы сайтында хабарланғандай, 2020 жылдың соңына дейін шамамен 200 млрд теңге инвестиция салу жоспарлануда. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында мәлімдеді.
2016 жылы МЭТ субъектілерінің энергия ресурстарын жалпы тұтынуы 49 млн тонна шартты отынды құрады. Бұл еліміздің жалпы энергия тұтынуынан 38% және заңды тұлғалардың жалпы тұтынуының шамамен жартысын құрайды.
«Бекітілген жоспарларды талдау қорытындылары бойынша 2015-2016 жылдары МЭТ субъектілерінің энергия үнемдеуге 178 млрд теңгеден астам инвестиция салғанын атап өтуге болады. 2020 жылдың соңына дейін тағы 200 млрд теңгеге жуық қаржы инвестициялау жоспарланып отыр», - деді министр.
Ұлт жоспарының 59 қадамын жүзеге асыру аясында энергия үнемдеуге ынталандыру мақсатында энергия сервистік қызметтер нарығын дамыту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«ИИДМБ аясында жылу ұстағыш материалдарды, энергия үнемдейтін шамдарды, энергия тиімді электр жабдықтарын шығару бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Таяу жылдарға ведомствоның алдында екі ірі міндет тұр. Біріншіден, энергия үнемдеуге ынталандыру тетіктерін кеңейту қажет. Екіншіден, энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру керек, ол жергілікті атқарушы органдардың энергия үнемдеудің аймақтық саясатын жүзеге асыру бойынша рөлі мен жауапкершілігін арттыруды; мемлекеттік бақылау тиімділігін көтеруді қарастырады», - деді Ж.Қасымбек.
Министрлік жыл сайын өңірлерге, олардың энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметіне бағалау жүргізеді.
«Өкінішке қарай, өңірлерде энергия үнемдеу жұмысы төмен деңгейде жүргізілуде. 2016 жылдың қорытындысы бойынша тек 8 өңір орташа, қалған өңірлер «төмен» нәтиже көрсетті»,-деді министр.
Осыған дейін ИДМ басшысы алдағы жылыту маусымына дайындық мақсатында Инвестициялар және даму министрлігі 2017-2018 жылдарға арналған жұмыс жоспарын бекіткенін айтты. Осы орайда 15 қазанға қарай барлық нысанның жылыту маусымына дайындығын аяқтау керек.