Алматыда радистанция тоналды
Алматы қаласында орналасқан "Медиаметрикс Казахстан" радистанциясы кеңсесіне белгісіз бір жас жігіт кіріп, 2 млн теңгенің сомасына тең заттарды қолды қылған
Жас жігіт таңғы сағат 5 шамаларында студияның терезесінен кіріп, кеңсе заттарын ұрлап кеткен. Ұрының әрекеттерін бейнебақылау камерасы жазып қалған. Бұл жайында Казинформ тілшілері хабарлайды.
- Студияның жабдықтарын тонап кеткен. Оның ішінде пульт, камера, студиялық микрофонды алып кеткен. Жігітті біреу әдейі ертіп келгені анық. Терезеге тор көз қойылмаған. Қызметкерлерден есікті жауып, терезені бекітіп жүруін талай өтінген едім. Ал ұрының күзетші көрмеген, - дейді «Қазақстан Интернет Қауымдастығы» ЗТБ-нің президенті Шавкат Сабиров.
Қазіргі уақытта тікелей эфирдің жұмысы тоқтап тұр.
- Бір аптаның ішінде тікелей эфирді қайта қалпына келтіре аламыз деп ойлаймын. Көмекке қаражат жинауымыз да мүмкін, - дейді Шавкат Сабиров.