Ресейдегі ГАЗ зауытында төбелес болды
Көлік жасау зауытында жұмыстан қуылған жұмыскер қайта келіп, төбелес шығарған. Үш адамды пышақтап, екі адамды жаралаған
Оқиға Нижний Новгород қаласында орналасқан Горьков автозауытында орын алған.
- Үш адамды өлтіргені үшін және екі адамды жаралағаны үшін қылмыстық іс ашылды. «Өлтіру», «Ауыр дене жарақат жасау» бойынша айыпталып отыр, - дейді Ресей Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко.
Петронконың айтуынша, күдікті қызғанғандықтан адамға қол жұмсаған.
- Сәрсенбі күні сағат 6:20-да өзінің таныс адамына – кәсіпорын лаборантына қол жұмсаған. Одан кейін іске куәгер болған тағы екі адамды пышақтаған, - дейді ол.
Оқиға орнынан іс суытпақ болған қаскүнем тағы екі жұмыскерді жаралаған.
Бұған дейін Ресей баспасөздерінде Сургут қаласында белгісіз бір жігіт көшеде жүрген тұрғындарға пышақпен шабуыл жасалғаны айтылған болатын. Іздестіру барысында 1994 жылы туылған тұрғын ұсталған.
Полицейлер мұның терактіге еш қатысы жоқ екендігін айтады.