WhatsApp желісінде бопсалаушылар пайда болды
Бопсалаушылар WhatsApp желісінде отырып, қолданушылардан мессенджер әкімшілігі тарапынан ақылы жазылымды создыру үшін ақша сұрайды
Алаяқ мессенджерді қолданып отырған кез келген адамға хабарлама жіберіп, өзінің әлеуметтік желі әкімшілігі ретінде таныстырады да WhatsApp-ты одан әрі қолдану үшін келесідей реквизиттерге белгілі бір қаражат құю керек екендігін жазады.
Қаражатты алған соң, алаяқ із суытып үлгереді.
Айта кетейік, WhatsApp желісінде бұған дейін ақылы жазылым жүрген болатын, алайда бір жарым жыл бұрын мұндай жүйені қолданыстан алып тастаған еді. 2020 жылға дейін WhatsApp желісі ақылы болмайды.