Өскемен
малооблачно
+15°
  • Өскемен
    +15°
  • Алматы
    +21°
  • Астана
    +15°
  • Ақтөбе
    +20°
  • Актау
    +16°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +15°
  • Көкшетау
    +15°
  • Қостанай
    +14°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +14°
  • Петропавловск
    +14°
  • Тараз
    +21°
  • Туркестан
    +16°
  • Шымкент
    +23°
$
439.43
473.31
¥
60.98
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Ахмер тұрғындары ауыз суға зәру

Ахмер ауылындағы Ақбұлақ көшесінен Ахмер әскери бөлімшесіне дейін ауыз су тартылмаған

Қазіргі таңда Өскемен қаласының маңындағы бірнеше өңірде ауыз су, жарық мәселесі әлі де бар. Осыған дейін облыс орталығының төңірегіндегі саяжай кооперативтерінің кейбірінде су тапшылығының қысап тұрғаны айтылған болатын. Қысы қалада, жазы саяжайда тұратын халыққа осыншама ауыртпалық тиіп отырса, қысы-жазы аудандағы ауылдай су тасып жүрген қала тұрғындарының күйі тағы бар. Ескі Ахмерден Жаңа Ахмерге барар жолда орналасқан көптеген үйлер заманның дамыған шағында ауыз суға зәру болып отыр.

- Орталықтандырылған ауыз су құдығы 500 метр жерде орналасқан, - дейді ауыл тұрғыны Салтанат Сәтпаева. - Осыған дейін жарық мәселесі бар еді. Оны да өз күшімізбен тарттық. Енді су сұрағы ауыртпалық түсіріп отыр. Қазір пластмасса ыдыспен су тасып әлек болып жүрміз.

Ауыл тұрғындары құдық қаздырып көрген. Судың көзі 40 метр тереңдіктен ғана шығады. Мұның өзі қолданысқа жарамсыз.

- Су шыққанымен өте лай. Қолданысқа жарамсыз, тек кір немесе ыдыс жууға пайдаланасың. Судың терең шығатынына байланысты бағасы да қымбат. 40 метр тереңдікке 400 мың теңге сұрайды. Ішуге жарамаса, оны қаздырудан пайда шамалы. Былтыр «Өскемен Водоканал» өкілдері келіп, биылдан бастап ауыз су тартылатынын хабарлаған. Алайда, жаз ортасынан асты. Әлі ешкімнен хабар жоқ, - дейді Салтанат Сәтпаева.

Аталмыш өңірдегі су тапшылығы туралы «Өскемен Водоканал» кәсіпорнына сұрау салған едік. Анықталғандай, «Өскемен Водоканал» кәсіпорны пайдалануға беруші ұйым болып табылады. Ол қолданысқа берілген құрылымдар мен желілерді қамтамасыз етеді. Сумен қамтамасыз ету желілерінің құрылысы мемлекеттік органдардың еншісінде. Яғни, Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен жүзеге асырылады.

- Қазіргі уақытта Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің тапсырысымен Ахмер ауылының барлық тұрғындарын сумен қамтамасыз ету үшін 34, 934 шақырым су желісінің құрылысы қарастырылған «ШҚО, Өскемен қаласы, Ахмер ауылы су желісін қайта құру» жобасы құрылған, - дейді Кәсіпорынның бас инженері Андрей Алехнович. - Құрылыс құны 961,846 млн теңгені құрайды. Жұмыстың басталу күні туралы толыққанды ақпарат алу үшін тапсырыс берушіге хабарласу керек.

Кәсіпорын өкілдері, «Өскемен Водоканал» ЖКК желілеріне қосылмаған Ахмер ауылы тұрғындарының алдында келісімдік міндеттер болмағандықтан орталықтандырылған су жүйесі жоқ үйлер санын білмейтіндерін жеткізді.

Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ұсынған деректерге сүйенетін болсақ, 2011 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша «Вотокагропромпроект» ЖШС әзірлеген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, Ахмер ауылын сумен қамту желілерін салу орындалған. Салынған желілер пайдаланушы ұйым «Өскемен Водоканал» МКК теңгеріміне берілген.

- Ауылдың кеңеюіне және құрылысқа жер телімдерін алған тұрғындар санының ұлғаюына байланысты Ахмер ауылының барлық учаскелерін қамту үшін тапсырыс бойынша бүгінгі күні сумен қамту желілерін қайта жаңартуға арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленген, - дейді Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Асқар Жақсылықов. - 2016 жылдың соңында және 2017 жылдың басында ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс істері және ТҮКШ жөніндегі комитетіне осы жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлу үшін бюджеттік өтінімдер жіберген. Бірақ, осы уақытқа дейін қаражат бөлінген жоқ.

Биыл ауыл тұрғындары облыс орталығының әкімі Қуат Тұмабаевқа арыз жазған. Арызда «ауылда тұрып жатқанымызға 10-12 жыл болды. Оқушы бала, ауру адам, кәрі ата-анамызбен тіршілік ету мүмкін емес. Осы уақытқа дейін төзіп келеміз. Өркендеп, дамып тұрған мына заманда сусыз отыру жанымызға әбден батты. Сондықтан сізге арыз айтып отырмыз. Биылғы жылдан қалдырмай орталықтандырылған су жүйесін тартып берулеріңізді сұраймыз! Егер арызымыз қараусыз қалса, жоғары орындарға шағымдануға мәжбүрміз» деп жазылған. Арыз соңында елуге жуық тұрғынның қолы қойылған.

Следующая →