Алматылық қыз түсініксіз жағдайда 8 қабаттан құлап кетті
Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның барлық жағдайлары мен өлім себебі анықталуда
Құқыққорғау органдарының қызметкерлері 19 жасар Тілеугүл Қуаныштың өліміне байланысты тергеу жүргізуде.
Алматы шағын аудандарының бірінде 31 шілде күні 8-ші қабаттағы пәтер терезесінен 1998 жылғы қыз құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz сайты.
Қыз достарымен бірге танысының туған күніне аттанған, алайда оны Алғабастағы пәтерге алып кеткен. Тілеугүлді бір топ жігіт алып қашыпты-мыс.
Алайда алғашқы тексеру шараларын жүргізген алматылық ІІД бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.
Бейнебақылау камераларынан алынған деректер зерттеліп, қыздың кіреберіске өз еркімен кіргені анықталған. Сондықтан топпен алып қашты дерек сәйкес келмейді. Дегенмен сот алды тергеу жұмыстары ҚР ҚК 105-бабы өз-өзіне қол салуға итермелеу бабы бойынша жүргізілуде. Қайғылы оқиғаның барлық жағдайлары анықталады, ал өлім себебі белгіленген сот медициналық сараптамамен бекітіледі. Болған оқиғаға қандай жағдайлар итермелегені анықталады, - дейді Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Полиция үйге қызбен бірге кірген жігіттен жауап алуда.