ШҚО ІІД Әкімшілік полициясы басқармасында қоғамдық қабылдау жұмыс істейді
Енді кез келген сұрақтар бойынша әр айдың бірінші сейсенбісінде жүгінуге болады
Әкімшілік полицияның азаматтарды қабылдау қызметі өткен сейсенбіде басталды. Күн көлемінде адамдар жүргізуші куәлігін алу немесе айырбастау үшін қажетті құжаттар туралы, наркологиялық және психикалық диспансерден медициналық куәландырудан өту сұрақтар бойынша жауап алды.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай қоғамдық қабылдауға сыбайлас жемқорлыққа шағымданып келуге болатынын айтады.
- Қоғамдық қабылдаудың көмегімен мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сапасы жоғарылайды, - дейді «ШҚО автомектептері одағы» тәжірибелі бірлестігінің директоры Евгения Черныш. - Азаматтар әкімшілік полицияның ең елеулі мәселелерін ашып, олардың шешімін табуға үлес қосады.
Қоғамдық қабылдаудың келесі жұмысы қыркүйек айының басында өтеді.