Өгей қызын масқаралаған
Жеті жасар қыз баламен бірге бұрын істі болған Өскемен қаласының тұрғыны шамамен екі жыл бірге тұрған
Іс материалдарына сүйенсек, бірге ішімдік ішкеннен кейін 27 жасар ер адамды қызғаныш қысып, әйеліне қол көтерген. Отбасылық жанжалдан кейін әйелі ауруханаға түскен, ал бала өгей әкесімен қалған.
Біраз уақыт өткеннен кейін мас азамат кішкентай қызға тиісіп, арам ойын іске асырған. Алайда қатыгез өгей әкенің арам әрекеті кейінірек баланы әжесі алып кеткенде әшкереленген. Дәрігерлер қыздың денесінде көгерген жерлер мен шабының айналасы қанталап тұрғандығын анықтаған.
Сотта баланың анасы азаматтық некедегі күйеуінің жазықсыз екендігін дәлелдеуге тырысқан. Оның айтуынша, күйеуі қызына өз баласындай қараған. Ал сәбидің денесінен ер адамның тістерінің ізі табылуы – олардың ойнағанынан қалған із.
ШҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты азаматшаның болжамын есепке алмай, ер адамды 17 жылға қатаң режімдегі колонияда бас бостандығынан айыру жазасына кесті.