Ақтөбеде ер адам біреудің үш тонна алмасын сатып жіберген
Ақтөбенің тәртіп сақшылары алаяқтық жасады деген күдікпен 20 жасар қала тұрғынын тұтқындады
2017 жылдың 16 шілдесінде азамат өзінің Қазақстан бойынша тауар тасымалымен айналысатындығы туралы хабарлама жариялаған. Көп ұзамай Сарыағаштан 36 жасар тапсырыс беруші табылған. Ол Түркістаннан Оралға 3 келі алма жеткізу керектігін айтқан. Ал жас жігіт оны Ақтөбеде сатып, 765 мың теңге алған.
Ал сарыағаштық алданған тапсырыс беруші полицияға шағымданған. Ізін суытпай алаяқ қолға түсті. Қазіргі таңда іс қозғалды.
Следующая →