Солтүстік Қазақстанда саяжай иесі көршілерін шолақ мылтықпен атқан
Солтүстік Қазақстанда екі адамды өлтірген күдікті ұсталды
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің басшысы Мадина Балғашықова қаладағы саяжайлардың бірінен екі мәйіттің табылғанын айтады. Оның бірі 63 жасар әйел адамның мүрдесі болса, екіншісі 59 жасар күдіктінің әйелі болып шыққан. Екеуі де шолақ мылтықтың оғынан қайтыс болған.
Жедел іздестіру шараларының негізінде 55 жасар Петропавл қаласының тұрғыны табылған. Ол құрбан болған жандардың көршісі болып шыққан.
- Күдікті толықтай өз кінәсін мойынына алып отыр. Көршілерін жек көрген. Сол себепті атып өлтірген, - дейді Мадина Балғашықова.
Сот алды тергеу жұмыстары жүргізілуде.