Қазақстандық десантшылар Қытай полигонында жаттығу жасады
«Десанттық взвод» байқауына дайындық аясында қазақстандық десантшылар өздерінің алғашқы әуеден секіру жаттығуларын жасады
«Десанттық взвод» халықаралық әскер ойындарына қатысуға дайындақ барысында қазақстандық десантшылар Қытайдың "Хаодянь" полигонына парашютпен секірді. Әуеден секіру жаттығуына 4 сериялы Д-6 жүйесіндегі парашют қолданылған. Қазақстандықтармен қатар Ресей, Иран, Марокко және ОАР әскерилері де парашютпен қарғыды.
Айта кетейік, ұшақтан секірген соң десантшылар желдің жылдамдығы мен қысымның әсеріне қарай парашютті реттеп отыруы қажет. Жерге қонғанның өзінде де айналадағы су қоймаларының біріне түсіп кетпейтіндей әрі аяғын жарақаттап алмау үшін бәріне дайын болуы керек.
Екі қазақстандық әскери қызметкер жоспарланған нүктеге дәл қонған.