Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да ер адам өз жәбіршісін куәгерлердің көзінше өлтірген

Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты ішімдікке тойып алып, оппонентін пышақтап тастаған 44 жастағы Бородулиха ауылының тұрғынына үкім шығарды

Ауыл тұрғыны қонақтарының алдында жағынан жұдырықпен ұрып жіберген танысын пышақтаған.

Қылмыс Бородулиха ауылындағы Новая көшесінде орын алған. Бес адамнан құралған топ бірігіп, алкогольді ішімдік ішкен. Кейін, үй иесі мен бір қонақ арасында ұрыс-керіс басталып кетеді. Төбелестің соңында үй иесі ас үй пышағын алып, өз жәбіршісінің кеудесінен ұрған. Ер адам оқиға орнында қаза болған.

Оқиға куәгерлері жәдел жәрдем мен полицияны шақырғанша, қайғылы оқиғаның себепкері тасаланып қалмақ болып пышақты бақша жаққа лақтырып жіберген. Біраз уақыттан кейін оны тәртіп сақшылары ұстаған.

Сотталушы өз кінәсін жоққа шығармады. Тек тым ауыр жазаламауды сұрады. ШҚО бойынша Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты оны он жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын жазаны түзеу колониясының қатаң режимінде өтейді.

Следующая →