Трамп Obamacare реформасын әзірше өзгерте алмайды
АҚШ Сенаты Барак Обама кезінде қабылданған медициналық реформаны өзгерте алмайды
Бұл реформа, өз кезегінде, Obamacare деп аталып кеткен. Бұл реформаны өзгертуге бағытталған заң жобасын мақұлдауға республикалық партия өкілдерінің жинаған дауысы жетпей қалған. 52 дауыс берушінің екеуі өз орындарында болмай шыққан.
Нәтижесінде аталмыш заң жобасын қабылдауға қарсылық білдіріп отырған демократиялық партия өкілдерінің дауысы жеңіп кеткен.
Ал АҚШ Сенатындағы республикалық партияның көшбасшысы Митч Макконнелл Obamacare-ке қарсы реформаның қабылданбайтындығын айтты. Сондықтан Сенат заңнаманың кейбір бөліктерін өзгерту туралы заң жобасын дайындамақ.
Дегенмен бұл медициналық реформаның орнын толықтай басатын жаңа заң қабылданбай, денсаулық сақтау саласын толығымен басқару мүмкін болмайды деп ойлап отыр қарсылас тарап.