Өскемен
облачно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -12°
  • Ақтөбе
    -14°
  • Актау
    -2°
  • Орал
    -9°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -16°
  • Қызылорда
    +1°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    -13°
  • Шымкент
    +4°
$
519.61
610.13
¥
73.73
6.54
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Әлем Әлем
Ақпарат көзі:
Устинка

Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның Католик Изабелла орденімен марапатталады

Испания Депутаттар конгресінің төрайымы Ана Пастор Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Католик Изабелла орденімен марапатталатынын мәлімдеді

Бұл туралы «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі Испания Корольдігінің ұлттық күнінде белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

2017 жыл - Қазақстан тарихы үшін өте маңызды жыл. Себебі, Қазақстанның көптеген халықаралық қауымдастықтармен, оның ішінде Испаниямен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толып отыр. 25 жылда Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін атай отырып, Елбасы Н.Назарбаевтың сенімге және өзара ынтымақтастыққа негізделген екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға деген ниеті үшін алғыс білдіргім келеді. Бұл достық қарым-қатынас Испан үкіметі тарапынан ерекше ескеріліп, бүгін түсте аса мәртебелі Республика Президентіне «Католик Изабелла ордені» алқасын табыстау мәртебесіне ие болғалы отырмын», - деді Ана Пастор Испанияның ұлттық күніне арналған салтанатты шарада.   

Католик Изабелла ордені - мемлекетке сіңірген еңбегі үшін берілетін Испания Корольдігінің азаматтық ордені. Орденді шетелдіктерге де табыстауға рұқсат етілген. Бұл марапатты Испания королі VII Фердинанд 1815 жылы 14 наурызда Кастилия патшайымы І Изабелла құрметіне бекіткен.

Түрлі жылдары бұл орден француздық жазушы Александр Дюмаға, испаниялық опера әншісі Монсеррат Кабальеге, ресейлік балерина Майя Плисецкаяға, мажарстандық саясаткер, Мажарстанның бұрынғы премьер-министрі Ференц Дьюрчанге берілген.

Следующая →