Иерусалимге шабуыл кезінде израильдік екі полиция көз жұмды
Иерусалимде жұма күні орын алған қарулы қақтығыста жарақат алған үш полиция қызметкерлерінің екеуі жан тапсырды
Лаңкестердің шабуылы нәтижесінде оқ құшқан екі полиция офицері ауруханада көз жұмды, - деп мәлімдеді Израиль полициясының ресми өкілі Микки Розенфельд.
Оның айтуынша, үшінші тәртіп сақшысының жағдайы айтарлықтай жақсы.
Полицияның баспасөз қызмет хабарлағандай, жұма күні үш лаңкес Шіркеу тауына кіреп жолдардың біріне өтіп, оқ атып, оқиға орнынан іздерін суытпақ болған. Полиция қызметкерлері оларды аңдып, көздерін жойған.
Айта кетейік, палестино-израильдік қақтығыс 2015 жылдан басталған. Сол кезден бері түрлі суық қару, атыс қаруы және жарылғыш заттар, автомобильдерді пайдалану салдарынан 50-ден астам адам көз жұмып, тағы 500-і жарақат алған.