Өзендерге кіру әлі ақылы
ШҚО-да су қоймасын пайдалануға әркімнің құқығы бар болғанымен әлі де өзен жағасына кіру ақылы болып отыр
Облыс басшылығы су қоймаларына баратын жолдарды белсенді түрде жөндеп, тазартып жатқанына қарамастан, демалушылардан су қоймасына кіруге ақы алатын пысықтар толастар емес.
- Мейрам күндері Окуньки демалыс орнына отбасымызбен келген едік, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Ольга Белова. - Оң жағалауға бұрылған сәтте-ақ екі жігіт жүгіріп келіп, жағалауға өту үшін 500 теңге төлеуімізді талап етті.
Табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасындағылар сөз болып отырған Дубыгалин өзені жалпығы ортақ су қоймасы, сондықтан да оны пайдалануға әр қазақстандықтың құқы бар.
- Еліміздің су туралы кодексінде: «Жеке және заңды тұлғаларға жалпыға ортақ су объектілерін бөгет, күзет нысандары, белгілер қою арқылы адамдардан шектеуге тыйым салынады», - дейді мекеме басшысының орынбасары Медет Нұрғалиев. - Осы орайда «адамдардан шектеуге болмайды» деген сөзге баса назар аударған жөн. Яғни, автомобиль мен өзге де көлік құралдарына емес.