Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Қарағандылық балабақша тәрбиешісі күйеуін өлтіру үшін киллер жалдаған

Әйел SMS арқылы абақтыдағы еркекпен танысып, көңілдесімен бақытты өмір құру үшін қанішерге 8000 доллар беріп күйеуінің көзін құртпақ болған

Tengri News сайты хабарлағандай, оқиға 2011 жылы басталған. Балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істейтін Қарағандылық үш баланың анасы теледидар көрі отырып SMS танысуға қызығушылық тудырған. Аталмыш сервис арқылы Долинка ауылындағы түрмедегі еркекпен танысқан. Біраз уақыттан кейін әйел ғашық болып қалғанын түсініп, кездесуге де барған. Кейін отбасын бұзбақ болған.

Алайда қарапайым айрылысу үрдісі қанағаттандырмағандықтан, күйеуінің көзін құрту үшін киллер жалдамақ болған. Қарағандылық әйел ойын көңілдесіне айтып, одан қолдау тапқан. 2015 жылы ол түрмеден шыға салысымен, екеуі кездесе жүріп, тапсырысты ұйымдастыру жоспарын ақылдасқан.

Көңілдесі өзінің абақтыласына ұсынысын айтқанда, ол сегіз мың доллар талап еткен. Алайда ақшаны алысымен, тапсырыс берушілерді «лақтырып» кеткен.

Біраз уақыттан кейін жалдамалы қанішер құқыққорғаушылардың қолына өзге қылмыспен түсіп, анасының денсаулығына алаңдағандықтан болған оқиғаны баяндап берген. Бұдан кейін полиция киллер ретінде тапсырыс берушілерге шығып, адам өлтіруге 100 мың теңге сұраған. Әйел өз тәжірибесіне сүйеніп ақшаны, бітірген жұмыстың суретінен кейін беретіінін айтқан.

Құқыққорғау органының қызметкері тапсырыс берушімен бірнеше кездесу өткізіп, күйеуінің суретін алған. Кейін полиция құрбанның өлімін жасанды ұйымдастырып, «дәлелді» суреттерді тапсырыс берушіге көрсеткен. Олар сол жерде құрықталған.

Следующая →