БҰҰ Сириядағы жанжалдың бәсеңдеп келетіндігін айтуда
БҰҰ-ның Сирия жөніндегі өкілі Сирия үкіметімен және Сирия оппозициясымен кездесті
Кездесу барысында БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура Сириядағы жанжалдардың бәсеңдеп келе жатқанын әрі әскери қимылдардың азайып келе жатқанын жеткізді.
- Дәуіріміздің ең ірі жанжалдардың бірі қазіргі уақытта аздап болсын, саябырсып келеді, - деді Мистура.
Сонымен қатар, Мистура осы аптада болатын келіссөздердің ешқандай нәтиже әкелмейтіндігін тілге тиек етіп отыр. Арнайы өкіл келіссөздерді көп жүргізу керектігін айтады.
Сириядағы мәселелердің шешілуіне Гамбургте өткен Үлкен жиырмалық саммитіндегі АҚШ пен Ресейдің өзара келісімге келуі әсер еткен.
Следующая →
Тақырыптар:
Военный конфликт в Сирии