Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Полиция қызметкерлері Риддер қаласы тұрғынын өлтірген адамның сүйегін аулада сүйреп бара жатқан жерінен ұстап алған
29 жасар жігіт үйіне келген бөтелкелес қонақты өлтіргенше сабаған. Адамды өлтіргенін түсінген қылмысткер оның денесін жасыруға тырысқан.
Полиция кезекшілігіне таңертең қылмыстың куәгерлерінен қоңырау түскен. Олар ер адамның біреудің денесін сүйретіп жүргенін байқаған.
- Қылмыстың беті ашылды. ҚК-тің 99 бабы «Адам өлтіру» қылмысы бойынша қылмыстық іс ашылды, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Б.Торғаев.
Кейін белгілі болғандай, екеуі үйде отырып арақ ішкен, содан соң біреуі жанжал шығарған. Күдікті 45 жасар досын итше сабаған. Жасаған күнәсін түсінген күдікті мәйітті жоқ қылуға тырысқан.