ШҚО кәсіпорындары өз жұмысшыларына 250 млн теңге қарыз
Облыстық прокуратура хабарлағандай, борышкер кәсіпорындардың көпшілігі банкрот болған
Облыстың 15 кәсіпорыны 747 шығысқазақстандық тұрғынға қарыз. Мәселен, Өскемен қаласындағы «Промэлектромонтаж» кәсіпорны 140 жұмысшысына 68 млн теңге қарыз екен.
Ұлан ауданында кен өндірумен айналысатын кәсіпорын қызметкерлеріне 46,6 млн теңге берешек.
Көптеген кәсіпорындар банкрот болғандықтан, жұмысшыларымен есептесе алмай отыр. Мәселен, Семейдегі алтын кенін өндірумен айналысатын кәсіпорын жұмысшыларына 39 млн теңге қарыз.
- Жарты жылдың ішінде облыс прокуратурасы 368,6 млн теңге көлеміндегі берешекті қайтара алды. Бес мыңнан астам қызметкердің конституциялық құқығы қорғалды, - дейді ШҚО прокуратурасы басқармасының прокуроры Қаныш Матаев.
Сонымен қатар, прокурор қарызы өтелмеген жұмысшылардың барылғы өзге кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс жасап жүргендігін айтты.