ШҚО жұмысшылары мас күйінде дауласып әріптестерін пышақтап тастаған
Оқиға Көкпекті ауданында болған. Жұмысшылар ауылдағы мәдениет үйін жөндеп жатып, арақ ішкен. Кейін жанжал барысында біреуі пышақталған
55 жасар ер адам Көкпекті ауданы, Миролюбовка ауылында өзінің досының қолынан қаза тапты. Оқиға 14 маусым күні орын алған, алайда оқиға қорытындылары енді ғана шыға бастады.
ШҚО ІІБ мәліметтеріне сүйенсек, қара жұмыс істеумен айналысатын жұмысшылар ауылдағы клубға жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан. Араққа сылқия тойып алған әріптестер өз арасында дау шығарған.
- Жедер іздестіру шаралары нәтижесінде 1995 жылы және 1963 жылы туылған екі азамат ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы «Өлтіру» ісі бойынша алдына ала тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - дейді ШҚО ІІБ баспасөз бастығы Бақытжан Торғаев.
Алдын ала деректерге қарағанда, күдікті бұған дейін де істі болған.