Лондонда жаяу жүргіншілерді қағып кеткен жүргізуші жынды болып шыққан
Даррен Осборнның туыс-туғандары оның психикалық ауытқушылығы бар екендігін растаған
Лондон көшесінде топталып тұрған адамдарды автокөлігімен қағып кеткен жүргізуші психикалық күйзелісі бар адам болып шыққан. Бұған дейін ол террорист ретінде аталған болатын.
Даррен Осборн 47 жастағы азамат, 4 баланың әкесі, жұмыссыз. Адамдарды қағып кеткен жүк көлігі онікі болмай шыққан.
Оқиға кешкі намаз уақытында болған. Адамдар мешіттен кешкі намаздарын оқып шығып келе жатқан кезде жүк көлігі келіп, тұрғындарды қаққан. Қаскүнем бірден құрықталған. Оған қылмыстық іс ашуға мешіт имамының шағымданбауы себеп болған.
Соққы нәтижесінде бір адам қаза тапты, тағы 8 адам әртүрлі жарақат алған.
Осборн националист адам болған, мұсылмандарды жек көретіндіктен, осындай әрекетке барған. Алайда ол психикалық жағынан жетіспейтін адам болып шықты.