Лондон әуежайында теракт дайындаған деген күдікті ұсталды
37 жасар ер азамат 23 мамыр күні кешке Түркияға ұшар алдында ұсталды. Оны Лондонның оңтүстігінде орналасқан полиция учаскесіне апарған.
Лондондық Станстед әуежайында контртеррорлық полиция қызметі Сирияға аттануды жоспарлаған және террорлық акт дайындамақ болған деген күдікпен ер адамды ұстаған. Бұл тураы ВВС арнасы Скотленд-Ярдқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Аталғандай, ұстау үрдісінің Манчестердегі жарылыспен байланысы жоқ.
Қазіргі уақытта құқыққорғаушылар Лондонның солтүстігіндегі екі мекен жай бойынша тінту жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, БАҚ-та Манчестердегі жарылысты ұйымдастырған адамның жарылысқа дейін Ливияға барып қайтқаны хабарланған.
Следующая →