Қазақстандық балалар туыла салысымен балабақшаға кезеке тұратын болады
Ендігі кезекте елімізде өмірге келген сәбилерді бірден балабақшаға кезекке тұрғызуға болады. Бұл жайында ҚР Ақпарат және коммуникация министрі айтты.
Қазіргі уақытта мемлекеттік корпорациялар электронды цифрлық қол қою қызметін жетілдіріп жатыр.
КТК сайтының хабарлауынша, ата-аналар тізімнің жылжуын интернет арқылы бақылай алады. Азаматтарға арналған үкімет корпорациясы осы арқылы қағазбастылықты азайтып, мектепке дейінгі мекемеге кезекке тұрудың ашықтығын қамтамасыз етпек.
Дегенмен бұл бастама тек 2018 жылдың бірінші қаңтарынан басталмақ.
Следующая →
Тақырыптар:
Очередь в детские сады в Казахстане Детские сады в Казахстане Даурен Абаев Госкорпорация "Правительство для граждан"