ИМ Манчестердегі террактіге байланысты жауапкершілікті өз мойнына алды
Ислам мемлекетінің (Қазақстанда тыйым салынған) террористік тобы Ұлыбританиядағы Манчестер-Арена стадионындағы жарылысты өз мойнына алды
Британиялық полицияның соңғы мәліметтеріне сүйенсек, жарылыс нәтижесінде 22 адам көз жұмды. Олардың арасында балалар да бар еді. Одан өзге 59 адам ауыр жарақат алған. Жарылысты жанкешті лаңкес жасаған.
Естеріңізге сала кетейік, 22 мамыр күні американдық Ариана Гранденің концерті өтіп жатқан Манчестердегі стадионда жарылыс орын алған.