Өскемен
ясно
-11°
  • Өскемен
    -11°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -10°
  • Ақтөбе
    -7°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -6°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -11°
  • Қызылорда
    +5°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -18°
  • Тараз
    +9°
  • Туркестан
    -7°
  • Шымкент
    +11°
$
513
+13.49
541.16
+15.33
¥
70.75
+1.85
4.69
+0.07
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Биыл 1,5 млн қазақстандық оқушылар демалыс лагерьлеріне барады

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жазғы каникул кезінде оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы демалысын қамтамасыз етуді тапсырды

Бұдан бұрын Үкімет отырысы аясында ҚР білім және ғылым министрі Е. Сағадиев лагерьлерде жазғы демалыспен 1 млн 655 мың баланы немесе 1-10 сынып оқушыларының жалпы санынан 61,2% қамту көзделіп отырғанын айтты, деп хабарлайды primeminister.kz сайты. Каникул кезінде балалар үшін түрлі шаралар – секциялар, клубтар, үйірмелер, еңбек жасақтары мен экскурсиялар ұйымдастырылады. 

Осыған байланысты Бақытжан Сағынтаев балалардың жазғы демалысы мен іспен шұғылдануын ұйымдастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне баса назар аударуды тапсырды. Сөз оның ішінде жолдар мен су қоймаларындағы қауіпсіздік туралы, санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, өрт қауіпсіздігі туралы болып отыр.   

Сонымен қатар Бақытжан Сағынтаев ата-аналар мен үкіметтік емес ұйымдар тарапынан балалар лагерьлеріне қоғамдық бақылау жасауды күшейту туралы «Жұлдыз» ҚҰ бастамасын қарастырып, қолдауды тапсырды. 

Следующая →