Манчестердегі жарылыстан 22 адам қаза тапқан
Манчестердегі жарылыстан 22 адам қаза тапқан, 59 адам жараланған. Бұл жайында «Гардиан» газеті жазып отыр
Манчестер қаласында жергілік уақыт бойынша түнгі сағат 22.35-те Ариана Гренденің концертінен кейін үлкен жарылыс болған. Ағылшын билігі жарылысты террористік акт ретінде бағалап отыр.
Сонымен қатар, жарылыс кезінде балалар да жардап шеккен. Бұл жайында Рейтер агенттігі британдық құқық қорғау органдары мәліметтеріне сүйеніп, хабарлама таратып отыр.
Ұлыбритания қаласында орын алған жарылысты тек бір ғана адам ұйымдастырған.