Ақтөбеде азғындыққа барған мектеп мұғалімі сотталды
23 жастағы Бексұлтан Елемесов 8 жасар оқушы қызға үзілісте жыныс мүшесін көрсетіп, ұстатпақ болған. Мұны тергеу кезінде оқытушы да бірден мойындапты. Енді осы қылығы үшін 7 жыл өмірін түрмеде өткізеді
КТК телеарнасы хабарлағандай, сотталушыны сот процесі кезінде түсіруге тыйым салынған: туғандары оның азғындық әрекетінен жерініп отырғандарын айтқан.
Нұрлыбек Омарханов, Ақтөбе қалалық ювеналдық сотының судьясы:
-Бала тәрбиесіне байланысты, сондай-ақ балабақшада, мектепте қызмет, жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айыра отырып, оған жеті жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Сот үкімін тыңдауға Бексұлтанның бір-екі туысы ғана келді. Жақындары оның азғындық әрекетінен жерініп отырғандарын айтады. Тіпті өзімен бірге №16-шы мектепте жарты жыл жұмыс істеген әріптестері де таң қалған. Өйткені қызыл дипломмен оқу жылының басында ғана жұмысқа кірген жас маманнан мұндай сорақылықты күтпепті. Ал педофилден жәбір көрген жеткіншек сол мектепте оқып жатыр. Бірнеше ай психологтың қарауында болған.