Түркияда 85 министрлік қызметкері ұсталды
Фетхуллах Гуленнің ізбасарлары саналып жүрген бірнеше шенеунік тұтқындалып отыр
Түркияда энергетика және білім беру министрлігінің 85 қызметкері Фетхуллах Гуленнің радикалды жолын ұстануда деп айыпталуда. Анкара билігі оларды маусым айында бүлік шығаруға ниеттеніп отырған деп күдіктенуде.
Бұл жайында CNN Turk телекомпаниясы ақпарат таратып отыр.
16 мамыр күні Cumhurriyet оппозициялық газетінің редакторы Огыз Гувен қамауға алынды. Оны террористік үгіт-насихат жүргізді деп айыптап отыр. Бұған дейін билік өкілдері аталмыш газеттің 10 журналисін тұтқынға алған еді. Оларға Ф.Гүленге қолдау көрсетті деп айып тағылып, 43 жылға бас бостандығынан айырғалы отыр.
Бүгін Түркия президенті Р.Эрдоған АҚШ президенті Д.Трампен кездеседі. Кездесуде Эрдоған АҚШ-тағы Ф.Гүленді елге экстрадициялауға қатысты Трампен сөйлеспекші.