WannaCry шабуылының құрбандары $70 мың төледі
АҚШ президентінің әкімшілігі төлем жүргізілгеннен кейін компьютердің бұғатының ашылғандығы туралы бірде-бір оқиғаны естімеген
WannaCry теңдесіз кибершабуылының құрбандары осы күнге дейін жалпы сомасы 70 000 доллар төлем жасап үлгерген. Бұл туралы АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Том Боссерт мәлімдеді.
Дегенмен, бұған дейін төлем жасау арқылы компьютердің бұғатының алынып тасталғандығы туралы деректер ешқайда жоқ. Вашингтонның берген мәліметтері бойынша 150 елдегі шамамен 300 000 компьютер зақымданған. Ал АҚШ-тың федералды компьютер жүйелеріне зақым келмеген.