Германия ІІД ғаламдық кибершабуылды жасаушыларды анықтай алмауда
Германияның құқық сақтау органдары өткен аптада 150 мемлекетті қамтыған ауқымды кибершабуылдың артында кімдердің тұрғандығын анықтай алмауда
- Кибершабуылдың қай жерден басталғандығын әзірше анықтай алмадық, - дейді Германия ІІД-нің ресми өкілі Тобиас Платте.
Оның айтуынша, кибершабуылға Германияның темір жол кәсіпорындары көп зардап шеккен. Алайда шабуылдың күші федералды ведомствалардың ақпараттық жүйелерін бұза алмаған. Қазіргі уақытта Криминалды полиция және арнайы қызмет Федералды ведомствосы зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
12 мамыр күні қаскүнемдер WannaCry вирус-бағдарламасын таратып, ақша бопсалаған. Еуропалық полиция агенттігінің деректеріне қарағанда 200 мыңнан астам заңды тұлға мен жеке тұлға кибершабуылдың құрбаны болған. Ресейдің Сбербанк, Мегафон, Ішкі істер департаменті, Төтенше жағдайлар министрлігі де кибершабуылға ұшыраған.