Астанада үш ер адам 24 жасар жігітті қамап, күш көрсеткен
Астаналық полицейлер жергілікті тұрғынды ұстап алып, күш көрсеткен 3 адамды тұтқындады
Астана қаласында тұратын және Қарағанды мен Оңтүстік Қазақстан облысынан келген 27 мен 32 жас аралығындағы 3 күдікті ұсталған. Олар қаладағы бизнес орталықтардың бірінен 24 жастағы жігітті ұстап алып, қамап соққан.
Жәбірленушінің айтуынша, кеңседен құжаттар мен ақшаны ұрлаған 3 ер адам 10 мамыр күні оған қару кезеніп, дене жарақатын салып, кейін өзі жасамаған қылмыс жайында хат жазып, қол қоюын талап еткен.
Қазіргі уақытта жәбірленуші ауруханада.
Ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бабы бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.