Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен тұрғыны әйелі мен енесін айуандықпен өлтіріп, полицияға қылмысын мойындап келген

Қылмыс облыс орталығындағы саяжай кооперативтерінің бірінде жұма күні орын алған

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, 31 жасар ер адам ұрсыс барысында әйелі мен енесін өлгенше сабаған.

30 сәуір күні қала тұрғыны Үлбі полиция бөліміне келіп екі адамды өлтіргені туралы айтқан, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің басшысы Бақытжан Торғаев. - Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК 99-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Соталды тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Бірқатар сараптама жұмыстары белгіленді.

Ресми емес ақпараттар бойынша, екі әйелдің мәйітін ер адам саяжай үйінің жерқоймасына жасырған. Ер адамның мұндай іске баруына не себеп болғаны белгісіз. Екі адамның өліміне қатысты жағдайларды тәртіп сақшылары анықтауда.
Следующая →