Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстанда Халықаралық Жеңімпаздар форумы өтті

ҚР Қорғаныс күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында «Бірлікпен жеткен Ұлы Жеңіс: майдан ерлігі – тыл беріктігі» атты Халықаралық форуым өтті

Аталған форумға бұрынғы Кеңес Одағының құрамында болған 15 мемлекеттің өкілдері қатысты. Форумға Армения, Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Литва, Латвия, Эстония, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан. Түркмения, Украина, Беларусь, Ресейден келген қонақтар және Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері, ғалымдары, журналистер және әскери мектептің жас өрендері қатысты, деп хабарлайды history-state.kz сайты.

Халықаралық Жеңімпаздар форумында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың құттықтау сөзін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы баяндап берді.
Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путиннің Жеңімпаздар форумына арналған құттықтау сөзін Ресейдің өңіраралық және мәдени байланыстарының басшысы В.А. Чернов баяндады.
Халықаралық форумға қатысып, мінбеге сахнаға көтеріліп сөз сөйлеген ардагерлер, қоғам қайраткерлері және ғалымдар Ұлы Отан соғысындағы шығындар, тылда еңбек еткен халық, соңында жеңіске жеткен кеңес халқының патротизімі туралы айтты.

Жалпы, соғысқа қатысқан жауынгерлердің кейінгі ұрпақтың азат және бейбіт өмір сүруі үшін қан төгіп, жаудан Отанынын қорғағандығы баяндалды. Иә, шындығында да сол уақытта өздерінің азаматтық борыштарын өтеуге және Отан қорғауға барған жауынгерлер нағыз қаһармандар еді. Өйткені, жаудың оғы қарша борап тұрған уақытта от пен оқтың арасында жүріп, табандылық танытып, олар ерлік көрсетті.

Следующая →