Алматыда ұрланған адамды азат ету арнайы операциясы өтті
Алматы ІІД ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқарманың қызметкерлері адам ұрлауға қатысы бар бір топ адамды ұстады
Алиев С. Азаматтың іс түссіз жоғалғаны туралы арызбен ағымдағы жылдың 20 сәуірінде оның туысқандары полицияға келген.
Қаскүнемдердің құрбанын қай жерде ұстап отырғаны белгіленді. Бұл Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдардың бірінде орналасқан жер үй. Жуықта ол жерде адамды босату бойынша арнайы операция өткізілді, - деп хабарланады дүйсенбі күні тараған ақпаратта.
Нәтижесінде Алиев аман есен тұтқыннан босатылды. Оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ, - деп нақтылайды ІІД.
Үш күдікті қазір ұсталып, қамауға алынған.
Аталмыш қылмысқа өзге адамдардың қатысуы қазір ҰҚТКБ қызметкерлерімен тиянақты тексерілуде, олардың ұсталуы тек уақыттың еншісіде. Соталды терге жұмыстары барысында адам ұрлаудың себебі анықталып, істің өзге жағдайлары да анықталады, - дейді ІІД мекемесінде.
Следующая →
Тақырыптар:
Спецоперация в Алматы Работа правоохранительных органов в Казахстане Департамент внутренних дел РК