Өскемендік бикеш дүкен сөресінен киім-кешек ұрлаған
Бір түннің ішінде облыстық полиция бөліміне сауда орталығында ұрлық болғандығы жайында 4 рет хабарлама түседі. Ұрланған заттар әйел киім-кешектері
Өскемен қаласы Ертіс криминалды полиция қызметкерлері сауда орталығында киім ұрлаған күдіктіні ұстады, хабарлайды Устинка Live тілшілері.
Қабанбай батыр көшесінде орналасқан сауда орталығында бағасы 15 мың теңге тұратын шалбар ұрлаған, - делінген ШҚО ІІБ баспасөз парағында, - Орджоникидзе көшесіндегі бутиктердің бірінен бағысы 9 мың теңге тұратын көйлек пен бағасы 5 мың тұратын әйел іш киімі жоғалған.
Тағы бір сауда орталығынан бағасы 10 мың теңге тұратын сөмке де қолды болған.
Күдікті 24 жасар Өскемендік бикеш болып шықты. Күдікті бұған дейін де ұрлық дерегі бойынша істі болған. Қолды болған заттар иелеріне қайтарылды.
Следующая →
Тақырыптар:
Кража вещей в магазинах Усть-Каменогорска Кража в Усть-Каменогорске Работа правоохранительных органов в ВКО