Жерлесіміз ауыр атлетикадан өткен Әлем чемпионатында топ жарды
Бангкок қаласында 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен қыздар арасында ауыр атлетикадан әлемдік чемпионат өтті
Чемпионатқа қатысушы үміткерлердің барлығы 2018 жылы Аргентинада өтетін Жасөспірімдер Олимпиадасына жолдама алуға күш салды. Ал Шығыс Қазақстандық Дарье Павлованың жолы болып, аталмыш жолдамаға бір табан жақындады.
Қазақстан құрамасында өнер көрсеткен жерлесіміз 63 кг салмақ категориясына дейінгі спортшылар арасында екінші орынға қол жеткізді. Ал бірінші орынды Қытай азаматшасы алған болатын.
Балалардың көбі дайындық кезеңінен өте алмай қиналып жатады. Кейбірі физикалық қиындықтарды көтере алмаса, бірі психологиялық жағынан сынып жатады. Менде де мұндай қиындықтар болды. Алайда жаттықтырушымыз әрқашан қолдау білдіретін, - деді Дарье Павлова.
- Дарья рух-жігері мықты қыз, ерекше спорт түрлерін жақсы көреді. Екінші орын бұл – өте үлкен нәтиже. Алайда бұдан үлкен жетістіктерге жету Дарьяның қолынан келеді. Оның есімін әлі де үлкен мінберлерден еститін боламыз. Азия Чемпионатына берілетін лицензия біздің қолымызда, - деді жерлесіміздің жаттықтырушысы Кирилл Кривицкий.
Қазіргі уақытта жерлесіміз Токиода өтетеін Азия Чемпионатына дайындалу үстінде.
Следующая →
Тақырыптар:
Победа Дарьи Павловой на Чемпионате мира по тяжелой атлетике Тяжелая атлетика в Казахстане