ШҚО-дағы Шешек асуы қанға боялды
Өткен аптада орын алған оқиға әлеуметтік желіде кең таралып үлгерген болатын. Облыстық прокуратурада өткен брифингте алдын ала жүргізілген тергеу жұмыстарының нәтижелері туралы баяндалды
2017 жылдың 31 наурызында ШҚО ІІД тергеу басқармасы Өскемен қаласының екі тұрғынын өлтіру фактісі бойынша сот алды тергеу жұмыстарын бастады.
Алдын ала жасалған нұсқалар бойынша, екі жыл бұрын қаржы полициясының экс-қызметкері азамат С. қаза тапқандардың бірімен жанжалдасып, органдағы қызметінен айырылған. Кейіннен Астанаға көшіп кеткен. 30 наурыздан 31 наурызға қараған түні ол жәбірлеушіні өш алу ниетімен шақырған. Бірақ қаза тапқан азамат жалғыз келмеген. Астана тұрғыны оларды Шешек асуына көлігімен алып барып, ер азаматтар арасында ұрсыс шыққан.Астана тұрғыны екі азаматты атып тастаған. Өте ауыр қылмысы үшін қазір қамауға алынды.
Сот алды тергеу амалдарымен қылмыс орнында ШҚО ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес қызметкері болғаны анықталды. Сонымен қатар, орын алған қылмыс туралы Өскемен қаласының екі тұрғынына белгілі болған. Аталғандардың барлығы орын алған қылмысты жасырғандары үшін және хабарламағандары үшін қамауға алынды. Олардың қылмысқа қатысы бар, жоғы анықталуда.
- Полиция қызметкері лауазымының беделін түсіргені үшін азамат М. Ішкі істер органынан шығарылды, - дейді Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Нұрлан Бижанов. - Қоғамдық дауды есепке ала отырып, обьективті тергеу үшін облыстық прокуратура ШҚО ІІД бірлесе отырып екі жедел мекемеаралық топ құрды. Аталмыш іс ШҚО ІІД мен облыстық прокуратураның бақылауында.
Қаза тапқандардың мәйіті әлі табылмады. Бірақ, мойндау куәсінде олар жасырған жерлерін көрсеткен. Сонымен қатар, алдын ала көрсетілген ақпараттар бойынша олардың мәйіттерді таңға дейін көлікте тасығаны анықталған.
Айдос Мырзахметов
Следующая →

Тақырыптар:
Правоохранительные органы ВКО