Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Аян Мейірбаевтың қарындасына қатысты тергеу басталды

Ерасыл Әубәкіровтың мәйітін қала сыртына алып шыққан Аян Мейірбаевтың қарындасына қатысты тергеу ісі басталды

23 жасар студенттің өліміне қатысты іс жаңаша ақпараттармен сипатталып, тергеушілердің назарына Айым Мейірбаева ілікті. Бұған дейін Ерасылдың өліміне күдікті болған Аян Мейірбаевтың қарындасы Айымға қатысты ҚР ҚК 420-бап 2-бөлімі «Жалған түсініктеме бергені үшін» және «Қылмыс туралы хабарламағаны үшін» 434-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өйткені ол көлігін жудыруға алып келген кезде жүк салғышында мәйіт бар екенін анықтаған. Артынша танымайтын азаматтардың көмегімен мәйітті қала сыртына алып шыққан.
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласында оқитын өскемендік Ерасыл Әубәкіров 2016 жылдың 3 ақпанында із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Кейін 10 ақпан күні азапталып өлтірілген денесі табылған. Осы іске қатысы бар деген күдікпен төрт азамат тұтқындалды. Олардың арасында өскемендік танымал бизнесменнің ұлы Аян Мейірбаев бар еді. Бірақ кейін қылмыс құрамы болмағандықтан оған қатысты іс тоқтатылып, қалған үшеуі абақтыға қамалды.
Сот қаулысында Ерасылдың мәйітін Айым отырған көлікке қылмыскерлердің бірі салғаны көрсетілген.
- Ерасылдың денесін Айым өз көлігінен кездейсоқ тауып алған. Іс материалдарында бейнежазба бар, онда мәйіттің табылған сәті бейнеленген, - дейді Аян Мейірбаевтың әкесінің қорғаушысы.
Астана қаласының ІІД хабарлағандай, ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу мәліметтері жариялауға жатпайды.

Следующая →