Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандық ұшақтарға жанармай жетпеуі мүмкін

"Air Astana" және "Qazaq Air" Қазақстанда ұшақ жанармайы әділетті бөлінбейтіндігін алға тартады. 2017 жылы олар тек қажетті көлемнің тек 38%-ын ғана ала алады

Еліміздің екі бірдей әуе компаниясы Авиация комитетін лобби жасады деп айыптады. Айтуларынша, комитет әуе отынын отандық тасымалдаушылардың аузынан жырып, жеке компанияларға үлестіріп жүр екен. «Эйр Астана» мен «Қазақ эйр» осылай күтпеген жерден өз ішіндегі дауды сыртқа шығарды. «Керосинге үнемі жарымай жүреміз» деп налыған қос бірдей компания Азаматтық авиация комитетін отынды дұрыс үлестірмей жүр деп кінәлап отыр. Кикілжің былтыр басталыпты. Комитеттегілер бұлар сұраған 570 мың тонна отынның орнына, 155 мың тонна берген. Биыл тіпті одан да аз бөліп, оның өзін жеке компанияларға таратыпты. Десе де, төраға «Эйр Астана» мен «Қазақ эйрдің» айтқандарын теріске шығарып, өзіне шаң жуытқан жоқ. Айтуынша, елде жанармай жетіспеушілігінің бары рас. Десе де, отандық зауыттардың жаба алмаған сұранысын Ресей өтеп жүрген көрінеді. Сондықтан, артық шығындалғысы келмеген компаниялардан басқа, әуе тасымалдаушыларында отынға деген тапшылық жоқ дейді Бекен Сейдахметов. Бекен Сейдахметов, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы: - Зауыттардың беріп жатқаны – 240 мың тонна ғана. «Скатқа» екі есе емес, «Скат» та 140 мың сұрады, соның 38 мың тоннасын ғана беріп жатырмыз. Олардың айтып жатқандары дұрыс емес.
Следующая →