Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде инкассатор жүргізушісін соғып, тонап кетті

Облыс орталығының тұрғыны оның жақын жолдасы мен оның көмекшісі жоспарлаған қылмыстың әрекеттің құрбаны болды

 Ақша тасымалымен айналысатын қызмет түрлері қашан да қауіпті болатын. Бірақ ер адам өзінің отбасы мүшесі болып  кеткен жолдасын санқындық әрекетке барады деп күтпеген.

Ақша тасымалымен айналысатын азамат  бірнеше рет өзінің қауіпті жұмысына жолдасын алып жүрген. Олар қаладағы дүкендер мен сауда орталықтарындағы ұялы операторларынан ақшаларын жинайтын. Жолдасы қиналған кезде ақшалай көмектесіп жүрген инкассатор қызметкері, жолдасынан ондай қастанлдықты күтеген де еді.

«Алтын көрсе періште жолдан таяды» демекші, жолдасы  күн сайын жанында бірталай қаражатты тасып жүретін инкассатор қызметкері тонауды жоспарлайды.  

 Инкассатор қызметкері дүкендерді аралап болғаннан кейін бірінші үйіне барып, ақшаларды реттеп, кейін түгенделген қаражатты банкке тапсыратын. Жолдасы бұл қылмыстық әрекетті жүзеге асыру үшін өзінің түрмеге отырып шыққан бір танысын тартады. Жоспар бойынша оны үйге кірер подъезд алында күтіп алып, тонау керек болады. Сондықтан олар бұл тонауды жүзеге асыратын тағы екі адамды табады. Қылмыскерлер ойлағандарын толықтай жүезе асырады. Инкассатор қызметкері қаражаттарымен үйіне келе жатқан кезде алдынан бетіне медициналық маска киген қылмыскер шығып, басынан бір ұрады. Кейін көлікті жүргізетін жігіт те ес-түссіз жатқан инкассатор қызметкерін бірнеше рет теуіп, мойынындағы алтын алқасын жұлып алып, ұялы телефонын ұрлап кетеді.

Инкассатор қызметкері болса, түрлі зақымдармен нейрохирургия бөліміне түседі. Ал полиция қызметкерлері аталмыш факті болйынша телефон нөмірлерін шығарып, қылмыскерлердің ізіне бірден түседі.

Өскемен қалалық №2 сотының сот залында қылмыстық әрекетті жоспалаған екі қылмыскердің ісін қарайды. Жолдасын соттамауды сұраған инкассатор қызметкерінің өтінішін сот қарап, қылмысты ұйымдастырушы ретінде 2 жыл 8 айға бас бостандығын шектеп, мүлкін тәркілейді. Ал екінші ұйымдастырушы 3 жылға бас бостандығынан айырылады. Қылмысты жасаған екі жігіттің сот отырысы бөлек өткізіледі.

Сот шешімі өзінің заңды күшіне енген жоқ.

 

Следующая →