Заңсыз қару алып жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Ұлан ауданының №2 аудандық сотында азамат Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды

Фото:
liter.kz
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы Т. Ұлан ауданы, Тройницкое суқоймасы аумағында, ішкі істер органдарында тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтықты заңсыз алып жүрген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігінде көрсетілген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20 АЕК мөлшерінде 42 420 теңге айыппұл салынып, заттай дәлелдеме ретінде алынған аңшы мылтығы мемлекет пайдасына тәркіленді.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Заңсыз қару алып жүргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды 



