Кремльде Экономикалық даму министрінің ұсталуына қатысты пікір айтты
Үкімет төрағасы Дмитрий Медведев Ресей президенті Владимир Путинмен экономикалық даму министрі Алексей Улюкаевтың ұсталуына қатысты жағдайларды талқылады
Өз кезегінде мемлекет басшысының баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков Улюкаевқа қатысты айыптарды маңызды деп тауып, шешімді сот қабылдайтыны туралы атап өтті. Жолын кесу шараларына қатысты сұрақтарды Басманды сот бүгін қарайды.
Дмитрий Песков сонымен қатар Путиннің Экономикалық даму министрі басшысын ұстау операциясы туралы білгені туралы айтты.
- Алдын алу жобасы дайындалған сәттен бастап барлығы оған жеткізіліп отырған, яғни, барлық ақпарат қолында болған, - дейді Песков.
Еске саламыз, Алексей Улюкаев екі миллион доллар көлемінле пара алды деген күдік бар. Тергеу амалдары бойынша, министр дүйсенбі күні 50 пайыз көлемінде ПАО АНК «Башнефть» мемлекеттік акцияларының пакетін алу мақсатында ПАО «НК «Роснефть» компаниясына келісімге келуге мүмкіндік беретін оң баға берген.
Следующая →