Мәскеуде теракт дайындаған топ ұсталды
Федералды қауіпсіздік қызметі «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған) лаңкестік ұйыммен байланысқан экстремистік топтың бес мүшесін ұстады
Ұсталған жауынгерлер Ингушетия мен Ресей астанасында бірнеше лаңкестік акт ұйымдастырмақ болған
Арнайы операция барысында 5 қару, он киллограмды тротилден тұратын 2 бомба тәркіленген. Сонымен қатар қолдан жасалған электронды детонатор мен әртүрлі қаруларға оқ дәрілер табылған.
Ел төңірегінде тыйым салынған лаңкестік топтың қызметіне қатысқаны үшін экстремистерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Осыған дейін ФҚҚ Мәскеу мен Питердегі азаматтар ең көп шоғырланған орындарда теракт ұйымдастырмақ болған 10 қаскүнем ұстаған болатын.
Следующая →
Тақырыптар:
Терроризм в России