Маусым айында Қарағанды облысында ұсталған экстремистер бірнеше лаңкестік әрекет дайындаған
Қарағанды облысында ұсталған экстремистердің бірі Балқашта орналасқан ресейлік әскери бөлімге шабуыл жасамақ болған – деп хабарлайды Қазақстанның ҰҚК
«Топтың қатарындағылар (Қарағанды облысында ұсталғандар – ИФ-К) Қазақстан территориясында лаңкестік шабуылға дайындалған. Бірнеше мақсатты көздеген лаңкестер, сонымен қатар Балқашта орналасқан ресейлік әскери бөлімге де көз салған», - дейді дүйсенбі күні Астанада өткен брифингтег ақпараттында.
Баспасөз бетінде, ағымдағы жылдың маусым айында Қарағанды облысында бір бірімен байланысқан екі радикалды топ құрықталғаны ескеріледі. «Мұнымен қоса, жалпы координация шетелден қазақстандық жауынгерлермен жүрген», - дейді хабарламада.
«Арнайы операцияның нәтижесінде лаңкестердің жоспарлары жүзеге аспады. Ұлттық қауіпсіздік органдарына үлкен қолдау көрсеткен қырағы жергілікті тұрғындар болды», - дейді хабарламада.
Хабарланғандай, маусым айында Балқаш қаласы мен Қарағанды облысындағы Гүлшат ауылында қазақстандық арнайы қызметкерлер қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларының көмегімен лаңкестік актілер ұйымдастырмақ болған радикалды топтың жолын кескен. Арнайы операцияның қорытындысы бойынша сегіз адам ұсталған. Гүлшат ауылындағы операция барысында бір лаңкес өзін өзі жарып жіберіпғ алған жарақаттардан қаза тапқан.