Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Екатерина Рыльская
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемен полицейлері бір аптада ізін суытпай бірнеше ұрлықты ашқан

Сегізінші тамыз күні «102»-ге облыс орталығы тұрғынынан шағым түскен. Анықталғандай, таңғы сағат 4.00-де оның үйіне ұры түсіп, сөмкесінен 105 мың теңге қаражатын қолды қылған. Ұры 25 жастағы аспаз болып шықты. Ұрланған қаражат иесіне қайтарылды

Происшествия в Казахстане и мире / Криминальные новости / За неделю полицейские Усть-Каменогорска раскрыли несколько краж по горячим следам
Фото:
liter.kz

Келесі күні Өскемен ІІБ-не зейнеткер хабарласып, көмек сұраған. Анықталғандай, оның туысы бейтаныс біреумен дауласу үстінде болған. Тәртіп сақшылары анықтағандай, даудың себебі - зейнеткердің туысының ұрланған ұялы телефоны. Полиция қызметкерлері 44 жастағы құқықбұзушыны ұстаған. Енді ол сот алдында жауап береді.

Ал тамыздың 10-ы күні облыс орталығындағы сауда үйлерінің бірінде сатушының сөресінен белгісіз біреу әмиянын ұрлап кеткен. Сатушы әмиянында жеке куәлігі мен 108 мың теңге қаражаты болған. Әйел полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары 45 жастағы ұрыны дер кезінде ұстаған. Ал ұрланған заттар иесіне қайтарылды.

Дәл сол күні таңертең Өскемен ІІБ-не ұрлықтың куәгері хабарласқан. Протозанова көшесі бойындағы көлікжайлардың бірінің маңында белгісіз біреулер «Хонда» маркалы көлікке жиектастарды тиеп, алып кеткен. Полиция қызметкерлері дер кезінде көлік иесін ұстап, 10 мың теңгеге бағаланатын жиектастарды тәркіледі.

Облыс орталығының үш құқықбұзушысы Мурина көшесінде орналасқан үйден баспалдақты ұрламақ болған. Үй ішіне ұрлыққа түскен олар үй иесіне ұсталып, полицияға хабар берілген. Баспалдақ құны бір жарым миллион теңгені құрайды.

14 тамыз күні облыс орталығының ІІБ-не әйел адам хабарласып, жертөлесіндегі қысқы азықтарының ұрланғандығын айтып, шағымданған. Анықталғандай, тұрғылықты мекенжайы жоқ 31 жастағы ер адам ұры болып шыққан. Ол жертөледегі құлыпты бұзып, ондағы қыс мезгіліне дайындалған 50 құты тұздалған қызанақ пен қиярды, тосап пен нәрсуды ұрлап кеткен. Ер адам полицияға жеткізілген. Ал ұрланған заттардың қайда екендігі әлі анықталуда.

Следующая →