Өскемен
малооблачно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +29°
  • Астана
    +25°
  • Ақтөбе
    +30°
  • Актау
    +30°
  • Орал
    +28°
  • Қарағанды
    +23°
  • Көкшетау
    +24°
  • Қостанай
    +25°
  • Қызылорда
    +32°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +23°
  • Тараз
    +31°
  • Туркестан
    +25°
  • Шымкент
    +33°
$
477.15
+2.58
522.43
+8.80
¥
66.94
+1.07
5.63
+0.10
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Спорт Спорт Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендік «Алтай» клубының қатары толықты

Шығыс өңірінің негізгі әйелдер волейбол клубының қатары Америка мен Пуэрто-Рико легионерлерімен толықты

Қазақстан Республикасының чемпионы «Алтай» волейбол клубы Азия клубтарының чемпионаты қарсаңында команда құрамын жоғары білікті спортшылармен нығайтуды жалғастыруда.

Чемпионаттың үздік үштігі қатарына іліну – оңайға соқтырмайтыны анық. Алайда, «Алтай» волейбол клубы бұл мақсатқа жетуді көздеуде.

Аталған клуб басшылығы ұзақ іздестіру жұмыстары мен күрделі келіссөздерден кейін  шетелдік спортшылармен келісімге келген. Клубтар арасында және ойыншылармен келісімшартқа қол қойылып қойған. Ал спортшылар болса жаттығу жұмыстарына кірісіп кеткен.

Тәжірибесі мол шабуылдаушы Дора Хейли Спелмен АҚШ тумасы. Америкалық Дора Хейли Спелмен АҚШ, Әзірбайжан, Италия және Оңтүстік Кореяда өзін шыңдай түскен.

2008 жылы АҚШ құрамасында ойнап жүргенде ол Солтүстік Америка жасөспірімдер чемпионатында алтын жүлдені иеленген. 25 жастағы волейболшының бойы 202 см екендігін айта кеткен жөн.

Раймариели Сантос Пуэрто-Рикодан. Кәсіби ойындарда тәжірибесі бар ол Пуэрто-Рико құрамасында әлемдік гран-прилерде ойын көрсеткен. 2009 жылы Солтүстік, Орталық Америка және Кариб бассейні чемпионаттарының күміс жүлде иегері. Ең соңғы ойын көрсеткен клубы - «Лионе дель Понсе».

Шығыс Қазақстан облысының «Алтай» волейбол клубы құрамында ойнау – отандық спорт жанкүйерлеріне ғана емес, олардың өздеріне де оң әсерін беретініне қыздар сенімді. Былайша айтқанда, біліктілік стандарттарын арттырады.
Следующая →