Өскеменде медқызметкерлер көшеде төбелесіп жүр
Алдыңғы күні кешкісін «102» желісіне дәмхана әкімшісі келушінің 20 мыңның ыдыс-аяғын шаққандығын айтып хабарласқан
Арнайы жасақ 30 жасар ер адамды бөлімшеге алып келген. Оның медициналық амбулаторияның дәрігер екені анықталған, бұрын сотталмаған. Енді ол дәмханаға келтірген шығынын өтеп, мемлекет қазынасына айыппұл төлейтін болады.
Ал келесі күні түңгі сағат бірлер шамасында «102» желісіне келіп түскен қоңырауда Михаэлис көшесі бойында төбелес болып жатқандығы хабарланған. Оқиға орынан жеткен полиция қызметкерлері екі ер адамды ұстаған. Оның бірі – 34 жасар тіс дәрігері. Оның айтуынша, белгісіз бір азамат оған тап берген. Нәтижесінде дәрігер бас сүйегінің жарақатын алып, миы шайқалған.
Ал бұзақы бөлімшеге жеткізілді. Ішімдік ішкен 21 жасар жігіт – жарнама агенттігінің жұмысшысы болып шықты.